Квест бөлмелерде шын мәнінде ойнауды шешкендер үшін кейбір ережелер мен кеңестер:
1. Бір өзіңіз жеңе алмайсыз, сондықтан міндетті түрде достарыңызбен бірге келу керексіз.
2. Команда аралас болу керек, яғни жігіттер де, қыздар да болу керек. Қыздар сыбырларды іздеу және ойжұмбақтарды шешу кезінде өз әйел логикасымен таңқалдырса, жігіттер осы уақытта жасырын орындарды және құлыптарды ашқан кезде интуициясы мен қолдарының ептілігімен көзге түседі.
3. Есіңізде болсын, ойынның мақсаты – бөлмеден шығу. Әдетте, есік кілтпен ашылады, сол кілтті сізге табу керек.
4. Телефоныңыз немесе қолшамыңыздың көмегіне сенім артудың қажеті жоқ, өйткені сіз оларды бөлмеге кірер алдында сақтау камерасына қалдырасыз.
5. Дөрекі дене күшін қолданудың да керегі жоқ, бұл сізге бәрі-бір көмектеспейді.
6. Аса зерделі болу керек. Егер бірдеңе тапсаңыз, дауыстап айтыңыз. Мүмкін, сіз осы затты мүлдем керексіз олжа деп есептейсіз, ал сіздің досыңызға кезекті құлыпты ашу үшін дәл осы зат жетіспейдін шығар.
7. Суреттер, шыны-аяқтар, кітаптар және т.б. сияқты интерьердің ең қарапайым заттарын назардан тыс өткізбеу керек.
Егер сіз құлыптың кодын тауып алсаңыз, ал ол бәрі-бір ашылмаса, ренжуге асықпаңыз. Дәл осы құлыпты досыңыз ашып көрсін, мүмкін, ол жай қолыңызға берілмеген шығар.